Миссиясы:
“Сапалы медициналық-әлеуметтік көмек көрсету арқылы халықтың психикалық денсаулығын жақсарту”.
Көзқарасы:
“Психикалық денсаулықты қорғау саласында азаматтарға диагностика, емдеу және оңалтудың заманауи әдістерін енгізу арқылы сапаның халықаралық стандарттарына сәйкестікті қамтамасыз ету”.
Қызмет қағидаттары
Қағидаттар халықаралық стандарттарға сәйкес психиатриялық және наркологиялық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру жөніндегі Миссияны іске асырудың берік негізі болып табылады.
- Жауапкершілік және сенімділік – халықтың, қызметкерлердің және мемлекеттің үміттерін ақтауға, тұрақты дамуға бағытталған.
- Жанашырлық және құрмет – психикалық және мінез-құлық бұзылыстары бар адамдар мен олардың отбасыларының физикалық, эмоционалдық және психологиялық жағдайына жанашырлық таныту мен құрмет көрсетуді білдіреді.
- Адалдық және ашықтық – мүдделі тараптар мен тұлғалар алдында ашықтық және объективті есептілік саясатын білдіреді.
- Үйлесімділік және бірлік – бірыңғай мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуде қызметтің барлық құрамдас бөліктері мен процестерінің өзара ықпалдастығын білдіреді.
KZ
